2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
«№12 Қарлығаш»Мемлекеттік балабақшасы
Бұл бөлім бойынша ақпарат жаңартылу үстінде. Жақында толықтырылады.
СеминарЭкология және тәжірибе

«Таза Қазақстан: болашақ балалардың қолында» қалалық семинары

2026 жылғы 12 наурыз
Ұйымдастырушы: Әдістемелік қызмет
Оқуға 3 минут
«Таза Қазақстан: болашақ балалардың қолында» қалалық семинары
Қала бойынша 40-қа жуық мектепке дейінгі ұйымның әдіскерлері мен педагогтері қатысқан экологиялық қалалық тәжірибелік семинар.

«Таза Қазақстан: болашақ балалардың қолында» тақырыбында №12 «Қарлығаш» балабақшасында қалалық семинар өтті. Балабақшамызда ұйымдастырылған бұл маңызды іс-шараға қала бойынша 40-қа жуық мектепке дейінгі ұйымның әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Семинар барысында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау тақырыбын балаларға тиімді жеткізудің түрлі әдістері ұсынылды. Қонақтарға сюжетті-рөлдік ойындар, ұйымдастырылған іс-әрекеттер және шеберлік сыныптары көрсетіліп, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, балабақшамыздың әкелер қауымы мен белсенді атамыздың қатысуымен әсерлі мюзикл қойылымы сахналанып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Бұл семинар педагогтер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, өскелең ұрпаққа табиғатты қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Іс-шара фотогалереясы
«Таза Қазақстан: болашақ балалардың қолында» қалалық семинары - 1
«Таза Қазақстан: болашақ балалардың қолында» қалалық семинары - 2
«Таза Қазақстан: болашақ балалардың қолында» қалалық семинары - 3
Бөлісу:
Барлық іс-шаралар