Алақанмен сурет салу: бүлдіршіндердің шығармашылығы

№12 «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеленушілердің қиялын, түстерді тануын және саусақ моторикасын жетілдіру мақсатында бейнелеу өнері бойынша шығармашылық шеберлік сабағы өтті.
Балалар алақан іздерінен түрлі-түсті ғажайып суреттер салып, өздерінің алғашқы өнер туындыларын мақтанышпен көрсетті. Мұндай сабақтар баланың сенсорлық қабылдауын кеңейтіп, шығармашылық еркіндік сыйлайды.
Тәрбиешілер балалардың әрбір жұмысын топ көрмесіне қойып, ата-аналардың назарына ұсынды.






