«Логика әлеміне саяхат»: Ата-аналармен бірлескен шеберлік сыныбы

«Логика әлеміне саяхат» тақырыбында ата-аналармен бірлесе балаларға арналған логикалық тапсырмалар мен дидактикалық дамыту ойындарын жасау шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Шеберлік сыныбында ата-аналар мен бүлдіршіндер қолжетімді және қауіпсіз экологиялық материалдарды пайдалана отырып, баланың ойлау жылдамдығын, ұсақ моторикасын және зейінін арттыратын авторлық дидактикалық құралдар әзірледі.
Іс-шара барысында ата-аналар үйде баламен бірге қандай пайдалы ойындар ойнауға болатыны жөнінде педагог-психологтан кәсіби кеңес алды.
Белсенді қатысып, бала тәрбиесіне жанашырлық танытқан барша ата-аналарымызға балабақша ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз!






