2026–2027 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес өтті

№12 «Қарлығаш» балабақшасында 2026–2027 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес өтті. Кеңес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты талаптарын сапалы жүзеге асыру – білім беру сапасының негізі» тақырыбына арналды.
Кеңестің басты мақсаты – жаңа оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісін сапалы ұйымдастыру, мемлекеттік стандарт талаптарын тиімді жүзеге асыру және педагогтердің кәсіби қызметін жетілдіру.
Кеңес барысында оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен мемлекеттік стандарт талаптарын орындау жолдары қарастырылды. Сондай-ақ балалардың танымдық, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамыту мәселелері талқыланды.
Педагогтердің жаңа оқу жылына дайындығы сараланып, алдағы кезеңнің міндеттері айқындалды. Жаңа оқу жылында ізденіске, жаңашылдыққа және нәтижелі еңбекке басымдық беріледі.




