1 қыркүйек – Білім күні: балабақшада жаңа оқу жылы басталды

№12 «Қарлығаш» балабақшасында 1 қыркүйек – Білім күні атап өтіліп, жаңа 2026–2027 оқу жылы басталды. Бұл күн – бүлдіршіндер үшін жаңа достармен танысудың, танымдық ойындар мен алғашқы білім бастауларының ерекше кезеңі.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттыруға, шығармашылық және танымдық дағдыларын қалыптастыруға арналған іс-шаралармен ұласты. Балабақшада әрбір күннің қуаныш пен жаңа білімге толы болуына мән беріледі.
Атаулы күнге орай педагогтерге шығармашылық шабыт пен кәсіби табыс, ата-аналар мен тәрбиеленушілерге сәттілік тілектері білдірілді. Жаңа оқу жылында балалардың сапалы тәрбиесі мен жан-жақты дамуына басымдық беріледі.




